Біз туралы

КМҚК «Қарағанды облысы әкімдігі  Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы  Балқаш қаласының медициналық колледжі».

1952 жылы денсаулық сақтау Министрлігінің шешімімен Балқаш қаласында медициналық мектеп ашылды. 1953 жылы училище болып құрылды. Аталған училище 1994 жылы колледж болып қайта құрылды. Меншік түрі-мемлекеттік. Оқыту түрі-күндізгі. Оқыту тілдері: қазақ, орыс.

2012 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық  қызметтерді бақылау Комитеті Төрағасының бұйрығына сәйкес колледж мемлекеттік аттестациялаудан өткізілді.

1997 жылдан бастап орта медициналық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыру бөлімі жұмыс жасайды. Оқу-тәрбие жұмысын 28 оқытушы жүзеге асыруда, оның 27-сі жоғары білімді, 1-уі -орта кәсіптік біліммен. Оқытушылар ішінде медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми атағына ие-1, жоғары санаттысы-14, бірінші санаттысы-5 және екінші санаттысы-4. Атақтары барлары: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі»- 4 оқытушы және «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері»-2 оқытушы.

Колледж бай материалдық-техникалық базаға ие: 18 оқу кабинеті, 1 ақпараттық технологиялар кабинеті, интерактивті құрал жабдықтармен жарақталған 2 кабинет білім алушыларға қызмет көрсетеді. Кітапхана, медициналық пункт, спорт зал, асхана және қалалық емдеу мекемелері базасында 3 оқу кабинеті жұмыс жасайды. Колледж секциялық типтегі  300 орындық жатақханаға ие. Қалалық орталық көпсалалы аурухана және қала емханалары медициналық колледждің тәжірибелік базасы болып табылады.

Жетістіктері:

Колледж оқытушылары мен студенттері қалалық, облыстық және республикалық байқаулар, конференциялар және т.б. іс-шараларға белсене ат салысады. Студент З. Бакрадзе ҚР жергілікті емес ұлт өкілдері арасында ұйымдастырылған Абай және Шәкәрім шығармаларын оқу бойынша қалалық және облыстық байқауларда бірінші орынды иеленіп, республика бойынша жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Колледждің «Емдеу ісі» мамандығының 4- курс студенті Д.Агаркова кәсіби сайыста колледж ішінен оза шығып, «Қарағанды облыстық медицина колледждерінің үздік түлегі-2013» байқауында облыс бойынша  жүлделі 3-орынды жеңіп алды.

Мамандықтар бойынша ақпарат:

Мемлекеттік білім беруге тапсырысы бойынша оқыту

2023-2024 о.ж

 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу   бағдарламасы бойынша: 

 

Мамандық:  09130100 «Мейіргер ісі»

4S09130103 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» біліктілігі бойынша: негізгі орта білім  –

3 жыл 10 ай. Оқыту мемлекеттік және  орыс тілінде.-9кл

 

Мамандық:  09130200 «Акушер  ісі»

4S09130201 «Акушер» біліктілігі бойынша: негізгі жалпы орта білім – 2 жыл 10 ай. Оқыту қазақ тілінде.-11кл

 

Мамандық:  09140100 «ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКА»

4S09140101 «Медициналық лаборант» біліктілігі бойынша: негізгі жалпы орта - 2 жыл 10 ай. Оқыту қазақ тілінде- 11кл

Келісім-шарт негізінде

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу   бағдарламасы бойынша: 

 

Мамандық:  09120100   «ЕМДЕУ ІСІ» 

4S09120101 «Фельдшер»  біліктілігі бойынша: негізгі жалпы орта білім – 2 жыл 10 ай. Оқыту қазақ, орыс тілдерінде.-11кл

 

Мамандық:  09120100 «ЕМДЕУ ІСІ»

4S09120101 «Фельдшер»  біліктілігі бойынша: негізгі орта білім – 3 жыл 10 ай. Оқыту қазақ, орыс тілдерінде.-9кл

 

Мамандық:  09160100 «ФАРМАЦИЯ»

4S09160101 «Фармацевт» біліктілігі бойынша: негізгі жалпы орта білім– 2 жыл 10 ай.Оқыту орыс тілінде.-11кл

 

Мамандық:  09110100 « СТОМАТОЛОГИЯ»

4S09110102 – «Дантист» біліктілігі бойынша: негізгі орта білім – 2 жыл 10 ай- 9кл, негізгі жалпы орта білім - 1 жыл 10 ай. Оқыту орыс тілінде. -11кл

 

09110200 «ОРТОПЕДИЧЕСКАЯ СТОМАТОЛОГИЯ»

квалификация  4S09110201 «Зубной техник» біліктілігі бойынша: негізгі орта білім – 2 жыл 10 ай- 9кл, негізгі жалпы орта білім - 1 жыл 10 ай. Оқыту орыс тілінде. -11кл

 

09880100 « Гигиена и эпидемиология»,

4S09880101 «Гигиенист-эпидемиолог» біліктілігі бойынша: негізгі жалпы орта білім – 2 жыл 10 ай. Оқыту орыс тілінде.-11кл

 

 

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20-шы маусымнан 18-шы тамызға дейін.

Мекен-жайы: Балқаш қ, Желтоқсан к, 23. Тел: 8/71036/  4-28-15

 

 

Оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі:

Оқуға қабылдау жөніндегі өтініш, жеке басын растайтын құжат көшірмесі,

білімі туралы құжаттың түпнұсқасы,

№075-У нысандағы медициналық анықтама флюротүсірілім қосымшасымен,

3х4 көлемдегі фотосурет-4 дана.

Мекен жайы: Балқаш қаласы,  Желтоқсан көшесі, 23

Тел: 8-(710-36) -4-28-15

Факс: 8-(710-36)-4-48-50

 

Толығырақ

Біздің біліктіліктеріміз

Өтінім қалдыру
Бағдарлама атауы
Басталуы
Мерзімі

Фармацевт

4S09160101
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 34 ай
ТжКББ-ден кейін:

Фельдшер

4S09120101
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
11 сынып: 34 ай
ТжКББ-ден кейін:

Медициналық зертханашы

4S09140101
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
11 сынып: 34 ай
ТжКББ-ден кейін: 34 ай

Жалпы практикадағы мейіргер

4S09130103
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай

Акушер

4S09130201
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 34 ай
ТжКББ-ден кейін:

Гигиенист-эпидемиолог

4S09880101
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 34 ай
ТжКББ-ден кейін: 34 ай

Тіс технигі

4S09110201
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі

Дантист

4S09110102
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
11 сынып: 34 ай
ТжКББ-ден кейін: 34 ай
Барлық бағдарламалар (8)

Сен үйренесің

Сурет пен бейне

Барлық медиа

Я учился в данном медицинском училище с 1986 по 1990 года! До сих пор остались только хорошие впечатления! Преподавательский состав был тогда очень сильный, и преподаватели по школьным предметам, так и преподаватели по медицинским дисциплинам. Многие преподаватели - были действующие врачи. Материалы доводились очень грамотно и скрупулёзно можно так сказать. Практика была организована так, что все учащиеся - поделённые на небольшие подгруппы хорошо усваивали теоретические знания закрепляли их на практике как в "Больничном городке" так по всем другим медицинским учреждениям города и даже на ГБМК. Желаю моему любимому Балхашскому медицинскому училищу, а ныне колледжу оставаться всегда на высоте и процветать на благо Здоровья граждан нашей страны! Всему преподавательскому составу желаю крепкого Здоровья! Счастья! и Благополучия!
с уважением, выпускник 1990 года отделения Фельдшеров на базе обучения после 8 классов, Бейсебеков Рафик.
21.08.2025 г.

Бізді қалай таба аласыз

8-71036-7-31-38, 87788513004, 8-71036-4-28-15
medcol_balchasch@mail.ru
https://bmc.mycollege.kz/