Жалпы практикадағы мейірбике - әр дәрігердің бірінші көмекшісі.
Мейірбике міндетіне мыналар жатады:
Медицина қызметкерлерінің жалақысы негізгі жалақыдан, түрлі өтемақылардан (зияндылығы үшін және т.б.) тұрады. Орта есеппен алғанда жас маманның жалақысы 70-80 мың теңгені құрайды.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу үшін және одан әрі жұмыс істеу үшін студент биология, химия негіздерін білуі қажет.
Жалпы практикадағы мейірбике бойында жанашырлық таныту, тыңдай алу, ықыластылық, мейірімділік сияқты қасиеттердің болуы маңызды. Ұқыптылық, жауапкершілік, күтпеген жағдайларда тез әрі тиімді шешім қабылдай алу қабілеті кәсіби тұрғыда маңызды болып саналады.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін 3 жыл қажет.
Жас маман қиындықтарға тап болуы мүмкін, себебі бұл мамандық үлкен жанқиярлықты, үнемі өз бетімен оқуды, шыдамдылықты, адамдармен қарым-қатынас орната алуды, ең бастысы – батылдық пен табандылықты қажет етеді.
Мейірбике мамандығының артықшылығы - адамдарға көмек көрсете алуында. Мейірбикелер пациенттермен көп уақыт өткізеді, олардың тез сауығып кетуіне көмектеседі. Сенің іс-әрекетіңнің арқасында адам қайта сау болғанын түсіну моральді тұрғыда разылыққа бөлейді. Сондай-ақ алғашқы көмек көрсету дағдылары, екпе жасай алу немесе қан қысымын өлшей алу шұғыл жағдайларда іске жарауы мүмкін.
Бұл мамандық әрдайым сұранысқа ие болады, өйткені ол өмірдегі басты аспектінің бірі – адам денсаулығымен тікелей байланысты.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек